АЙДАБОЛ

АЙДАБОЛ — Солт. Казақстан обл. Зеренді ауд-ндағы кент. Ол аудан орталығынан оңт.- батысқа қарай 28 км жерде, Айдабол өз-нің жағасында орналасқан. Іргесі 1908 ж. қаланды. Тұрғыны 1,3 мың адам (1997). 1939 ж. мұнда мал бордақылау кеңшары ұйымдастырылды. А-да спирт з-ты, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорны, орта мектеп, клуб, аурухана, балабақша бар. 1997 ж. кеңшар негізінде кооп. шаруашылықтар мен шаруа (ферма) қожалықтары құрылды. А. арқылы Көкшетау — Атбасар автомоб. тас жолы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *