АЙДАБОЛ Сүйіндікұлы

АЙДАБОЛ Сүйіндікұлы (т.ө. ж. б.) — би, шешен. Ташкент қ. маңында туып-өскен. “А.би айтқан екен” деген ғибратты сөздер ел аузында нақыл болып қалған. Алысты болжап, адамгершілікті жоғары ұстаған ол дүниеқор, қиянатшыларды аяусыз әшкерелеген. Әділдігі сондай, бір дауда “Төрелігім дұрыс болмаса, ұлым Тайгелтірді ат құйрығына салып өлтіремін” деп ант ішкені туралы аңыз сақталған. Арғын тайпасының ішіндегі сүйіндік руының бір атасы А. би атымен аталады. Көкшетау өңіріндегі Айдабол көлі, Айдабол кенті, т.б. атаулар би есімімен байланысты туған. А-дың ұрпақтарынан, әсіресе, “А-дың бес қозысының” бірі — Жанқозыдан: Тайтелтір би, Қошетер (Қосшетер) мерген, Олжабай батыр, Секербай би, Боштай (Поштай) Тұрсынбайұлы, әкелі-балалы Едіге мен Шоң билер, Жаяу Мұса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, т.б. әйгілі адамдар шыққан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *