АЙҒЫЗ Көшімбайқызы (1876, Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд. Сарыбұйрат а. — 1918, бұрынғы Сергиополь) — Азамат соғысының қаһарманы. Сергиопольдегі (Аягөз) қазақ эскадронын қарусыздандыруға және қорғаныс күндері окопқа тамақ жеткізуге көмектесіп, жаралыларды емдейтін пункт ұйымдастырған. 1918 ж. 11 наурызда Уақытша үкіметтің жергілікті органын (приставты) құлатуға қатысты. С. Ғаббасовпен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Колчак әскері қаланы уақытша басып алған кезде, жау қолынан қаза тапты.