Құр алақан
Жарты әлемдi жаулаған тағы бiр жаһангер – Александр Македонский –Ескендiр Зұлқарнайын өлген соң табыттан қолы шошаңдап шыға берiптi.Бiр данышпан алақанына бiр шөкiм топырақ салған соң ғана қолы сылқ етiп табытқа түсiптi. Сөйтсе, Ескендiр тiрiлерге:– Ей, жарандар, мен дүниенiң жартысын жаулап, алтыннан тау тұрғызсам да, о дүниеге ештеңе алып бара жатқан жоқпын. Мiне, қараңдар, – деп алақан ашып көрсеткенi екен.Қайран дүние, тiршiлiкте кiм тойған…Адамның ашқарақ көзi топыраққа ғана тояды.Бiр кем дүние…