АЙГӨЛЕК

АЙГӨЛЕК — ұлттық ойын. Айлы кеште, далада өтеді. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді де, қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, бір- бірінен 15-20 қадам қарама- қарсы тізіліп тұрады. Екі жақтан бір-бір жігіт ойын басқарады. Алғаш кезек алған топ- тың ойыншылары қосылып “Айгөлек” өлеңін айтады да: “Бізден сізге кім керек?” — дегенде, екінші топтың ойыншылары жаңағы өлеңді кайталап : “Бізге Бекпай керек,” — дейді. Аталған ойыншы жүгірген бетімен қарсы қатардағы ойыншылардың қол ұстасқан тізбегін бұзып өтуі керек. Өте алмаса, қарсы жақтың қатарында калады, өткен жағдайда қолы ажырап кеткен ойыншыны өз тобына алып кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнайды, болмаса белгіленген уақытта қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *