АЙВАЗОВСКИЙ (Гайвазовский) Иван Константинович

АЙВАЗОВСКИЙ (Гайвазовский) Иван Константинович (29.7.1817 ж.т., Феодосия, — 2.5.1900, сонда) — орыс кескіндемешісі, теңіз пейзажының шебері. 1833 — 37 ж. Петербургтегі Көркемсурет академиясында М.Н. Воробьевтан оқып, 1839 ж. суретші атағын алған. 1845 ж. акад., 1847 ж. проф., 1887 ж. Көркемсурет академиясының құр- метті мүшесі болды. Еуропа елдері академияларына мүше болып сайланды. А. “Дауыл”, “Астан-кестен”, “Неаполитан қызы”, “Тоғызыншы жал”, “Чесмен шайқасы”, “Штиль”, “Қара теңіз” сияқты әлемге әйгілі картиналар жазған. Жалпы, 6 мыңға жуық сурет- картиналардың авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *