АЙВА, б е ж е (Суdoniа) — раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік, жеміс ағашы немесе бұта. Қазақстанда Жамбыл, Алматы, Оңт. Қазақстан обл-тарында кездеседі. Ол жерлерде к ә д і м г і (сопақша) А. (C.oblonga) деп аталатын түрі өседі. Оның биікт. 3 — 4 м, жапырағы сопақша, бүтін жиекті болып келеді. Ақ, қызғылт түсті ірі гүлі бір- 126 бірден орналасады. Жемісі көп ұялы, қатты, етті, дәмі қышқылтым, салм. 250 — 300 г- дай болады. А. табиғи түрде тұқымы, тамыр атпасы арқылы, ал мәдени түрде ұластыру, қалемшелеу, сұлатпа бұтақтары және бүршіктерін телу арқылы көбейтіледі. Жемісінің құрамында 7,22 — 15,06% қант, 0,24 — 1,26% алма, лимон қышқылдары, 0,18 — 0,97% пектин заты, С витамині мен эфир майы бар. Жемісі консервіленіп, тосап түрінде қайнатылып та сақталады.