АЙБЕК

АЙБЕК (шын аты-жөні — Мұса Ташмұхамедов; 10.1.1905, Ташкент, — 1.7. 1968, сонда) — өзбек жазушысы, әдебиет зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері. Өзбекстанның Халық жазушысы (1965), Өзбекстан ҒА- ның академигі (1943). Ленинград халық ш. ин-тында оқыған (1927 — 29), Орта Азия мемл. ун-тін бітірген (1930). 1943 — 59 ж. пед. қызметпен шұғылдаңды. “Шаркюддузи”, “Өзбек тілі мен әдебиеті” журналының бас редакторы, Өзбекстан ҒА-ның қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы болды. Тұңғышы өлеңдер жинағы “Сезім” 1926 ж. жарық көрді. “Киелі қан” (1940), “Науаи” (1945; КСРО Мемл. сыйл., 1946), “Алтын алқаптың желі” (1950), “Күн сөнбейді” (1958), “Ұлыжол” (1967) романдары, “Жарық іздеу жолы” (1956), “Әлішердің балалықшағы” (1974) повестері жарияланды. “Жүрек сырнайы” (1929), “Поэмалар” (1949), “Күн туралы ән” (1965), “Отты жылдар” (1965), “Жүрек әні” (1966), “Науаи” (1968), т.б. поэзиялық жинақтары жарық көрді. Өзбек, қазақ халықтарының туысқандық ынтымағына арналған “Бақтығұл мен Сағындық” (1933) поэмасы бар. “Киелі қан”, “Науаи” романдары, “Балалық шақ” повесі қазақ тіліне аударылған. 2 рет Ленин орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *