АЙБЕК Миза-Изз-әд-Дин (т.ж.б. — 1257) — Мысырдың түркі тектес мәмлүктерден шыққан бірінші сұлтаны (1250 — 57). Хорезм шаһы Жалал әд-Дин Шыңғыс хан ұрпақтарынан күйрей жеңілген (1231 ж.) соң, Таяу Шығыс елдеріне қашып барған. 1240 ж. Мысырдағы сарай төңкерісіне қатысып, жаңа сұлтан әл- Мәлік ас-Салықтың сеніміне кірді. Сарай айналасындағы мәмлүктерді күшейтіп, ас-Салықтан кейінгі сұлтан Тұран- шаһтан тақты тартып алды (1250). Билікке ие болған соң, үкімет билігіне араласқан (ішінде мемл. армиясының Бас қолбасшысы Бейбарыс бар) біраз мәмлүктерді Мысырдан Сирияға қашуға мәжбүр етеді. Бүл әрекет Мысырға қарсы Айюби әулетінің күресін күшейтті. Осыны пайдаланған мәмлүк Әли А-тің әйелі Шаджар әд-Дүрді қастандық жасаушылардың қатарына тартып, соның қолымен сұлтанды өлтіріп, таққа отырған.