АЙБАСОВ Бірмұхамед

АЙБАСОВ Бірмұхамед (1895, Ақмола обл. Атбасар уезі Ұлытау бол. — 28.02.1938, Алматы) — қоғам қайраткері. Ұлытау болысында 30 жылдан астам фельдшер болған Айбас Байтабынұлының (1862 — 1937) отбасында туған. А. ш. уч-щесін (Омбы, 1917), Қызыл профессура ин-тын (Мәс- кеу, 1933) бітірген. “Бірлік” мәдени-ағарту ұйымы басқар- масының хатшысы болды. “Айқап”, “Қазақ” басылымдарында өлеңдері мен мақалалары жарияланған. Ақмола уезі қазақ к-тінің және “Жас қазақ” ұйымының белсенді мүшесі. 20-жылдары Ақмола обл. жер басқармасының бастығы, Семей губ. “Қосшы” одағының төрағасы (1925 — 28), Қазақ а. ш. кооперация одағы мал ш. бөлімінің бастығы, өлкелік кооперация техникумының директоры (1928 — 31). Байларды тәркілеуде, қазақ шаруаларын ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікке қарсы шыққандығы үшін қуғынға ұшырады. 1933 ж. И.В. Сталиннің атына жазылған «алтаудың хаты» авторларының бірі. Өмірінің соңғы жылдары Түрген қой кеңшары саяси бөлімінің (Алматы обл.) бастығы (1933 — 35), Қазақ партия баспасының редакторы (1935 — 37) болды. Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны. КСРО Жоғарғы Сотының әскери алқасының 28.02.1958 ж. шешімімен ақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *