АЙБАС

АЙБАС — орта ғасырдағы бекініс орны. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Айбас өз-нің бойында. 1956 ж. акад. Ә.Х. Марғұланның басқаруымен Орт. Қазақстан археолэкспеди— циясы зерттеген. Пішімі төртбұрышты, көлемі 25×25 м, биікт2-2,5 м. Сыртқы қабырғасы тастан қаланған, қалындығы 4 — 6 м, кақпасы батыс жағында. Солт.-батыс бұрышында көлемі 3,5 х 1,2 м бөлме орны сақталған. Екі жағын су қоршап тұрған бұл қамалды жаугершілік замандарда жергілікті халық басқыншылардан қорғану үшін тұрғызған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *