АЙ

АЙ — Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд-ндағы өзен. Ұз. 152 км, су жинау алабының ауд. 3090 км2. Тарбағатай жотасының Ақшөулі тауынан басталады. Таудан жазыққа шық- қан өзен суы сорғу мен булунуға шығындалып, сарқылады, тек аса суы мол жылдары ғана Сасықкөлге құяды. Суы минералды (0,570 г/л-ден 2,0 г/л-ге дейін). Минералы хим. құрамы жағынан гидрокарбонат класының кальций тобына жатады. Өзен жайылмасында қалың шабындық өседі. Ол мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *