АЗЫҚ-ТҮЛІК — адамның тіршілік көзі. А.-т. қорымен үздіксіз қамтамасыз ету — адамзат қоғамының басты мақсаты. А.-т. молшылығын қамтамасыз ету үшін жер, су, т.б. ресурстар кеңінен пайдаланылады. А.-т-ті жыл сайын өндіру ауа райына, құрлықтың жер сипатына тығыз байланысты. А.-т. қоры дүние жүзінде әр түрлі қалыптасқан. Қазақ- станда 800-ден аса өсімдік және мал өнімдері шығарылады. Тамақ өндірісінің 32%-і ет және одан шығатын өнімдерді шығаруға негізделген. Ет өнімдерін шығаратын өндірістер, негізінен, Алматы, Петропавл, Орал, т.б. қалаларда орналасқан. Балық өнімдері Атырау балық өнімдері з-тында өнделеді. Қазақстанда а. ш. алқабының ауд. 1996 ж. 222,2 млн. га болды. Оның 14,3% — егістік, 2,3% — жемшөптік, 83,4% — жайылым. 1997 ж. 14,1 млн. га жерден 12,3 млн. т дән жиналды, оның үштен екі бөлігі астық (8,9 млн. т), арпа — 2,6 млн. т, күріш — 255,3 мың т, жүгері дәні — 111,2 мың т, тары — 63,8 мың т және 18,2 т — қарақұмық. Одан басқа көкөніс өнімдері 880 мың т, картоп — 1472 мың т, бақша дақылдары — 180 мың т, жеміс-жидек — 101,5 мың т, қант қызылшасы 128 мың т, майлық күнбағыс — 54 мың т. 1997 ж. Қазақстан халқының ет, сүт, балық, жұмыртқа, жеміс-жидек өнімдерін пайдалануы төмендеді, нан тағамдарын көбірек пақдаланатыны байқалды. Қазақстан үшін келешекте А.-т. өнімдерін түрлі ассортиментпен өндіру өзекті мәселе.