АЗОТТЫҢ БАЙЛАНУЫ

АЗОТТЫҢ БАЙЛАНУЫ — молекула күйіндегі бос азоттың қосылыстарға айналу құбылысы. Ол табиғи жолмен және адамның өндірістік іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мыс., топырақтың гумус қабатындағы азот бактериялары бос азотты қосылыстарға айналдырады. 1 га топырақта жылына 48 кг-ға дейін өсімдіктер сіңіретін азот қосылыстары түзіледі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырындағы бактериялар да топырақты азот қосылыстарымен байытады. Сондықтан оларды тыңайтқыштар есебінде пайдаланады, әрі өнімін алады. А. б. өсімдіктердің көмірқышқыл газын (С02) сіңіруі тәрізді аса маңызды биол. құбылыс. Азоттың табиғи байлануы өсімдіктер қажетін толық өтей алмайтындықган, ауа азотынан өндірісте жасанды тыңайтқыш алынады. Ол бос азотты аммиакқа айналдыру, содан алынған аммиакты тотықтыру арқылы төмендегі сұлба бойынша жүреді: ауа азоты (N2)-> аммиак (NН3)-> азот оксиді (N0)—>азот диоксиді (N02)-> азот қышкылы (HN03) -> нитраттар (Ме[NО3]п). Бұларда түзілген калий, натрий және аммоний нитраттары а. ш-ңда азотты тыңайтқыштар ретіңде қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *