АЗОВ ТЕҢІЗІ

АЗОВ ТЕҢІЗІ, Азау тең і з і (ежелгі Сурож теңізі) — Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінің оңтүстігіне орналасқан теңіз. Атлант мұхиты алабының ішкі теңізіне жатады. Керч бұғазы арқылы Қара теңізбен байланысады. А. т. дүн. жүз. мұхит теңіздерінің ішіндегі ең шағыны әрі таязы. Ауд. 39 мың км2. Орташа тереңд. 8 м. Ең терең жері 15 м. Алабы 320 мың км3. Жағасы аз тілімделген. Ірі шығанақтары: Таганрог, Сиваш. Дон және Кубань өз-дері теңізге жылына көлемінің 1/5 — не жуық тұщы су құяды. Сондықтан тұзд. төмен. А. т-нің беткі қабатындағы судың темп-расы жағалауға жақын бөлігінде 30°-31°С-қа дейін, орта тұсында 25°-26°С-қа көтеріледі. Қыста теңіз 2 — 3 ай қатып жатады. Таяз болғандықтан суы жақсы араласады, темп-ра мен тұзд. беткі қаба- тынан түбіне дейін біркелкі, оттегі мол. Судың барлық қабаты тіршілікке бай. А. т-нде балықтың 80-ге тарта түрі бар. Одан тюлька, көксерке, хамса, табан көп ауланады. Теңіз- дің транспорттық маңызы бар. А. т. Еділ-Дон каналы арқылы Каспий, Балтық және Ақ т-дерімен жалғасады. Басты порттары: Мариуполь, Таганрог, Ейск, Бердянск.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *