АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС — Азия мемлекеттері қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы халықаралық құрылым. Кеңесті құру туралы тұжырымдамалық идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында (10.1992) ұсынған. Қазақстан басшылығы болашақ ұйымды Азия құрлығында ұрыс-жанжалдардың алдын алатын, тұрақты бейбіт- шілікті сақтап, Орталық Азияның геосаяси жүйесін реттеп отыратын мемлекетаралық ұжымдық ин-т деп таниды. Жаңа кеңесті ұйымдастырудағы ҚР-дың көздеген мүддесі Азиядағы барлық мемл-тердің қауіпсіздігін халықар. құқық нормалары арқылы реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықар. тәжірибені пайдалана отырып, со- ғыс қаупін төмендету болып табылады. Соған сәйкес кеңестің негізгі принциптері: а) терр. тұтастығының кепілдігі; ә) мүше мемл-тердің тәуелсіздігін құрметтеу; б) ішкі істеріне араласпау; в) дағдарыстар мен қақгығыстарды келіссөздер арқылы шешу, т.б. болып табылады. Қазақстан дипломатиясының 1992 жылдан бергі қызметінің нәтижесінде Азияда біркелкі қауіпсіздік жүйесін құру туралы Қазақстан идеясы Азия мемл-терінің көпшілігі және беделді халықар. ұйымдар тарапынан қолдау тапты.