АЗИЯ

АЗИЯ (ассириялықтар тілінде, мағынасы — асу, шығыс) – Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығ. етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданем бұғазы арқылы өтеді. Ауд. 43,4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-і). Оңт.-батыста Суеи, мойнағы А-ны Африкамен жал- ғастырады; Солт. Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңт-нде құрлыққа Малай топ- аралы (архипелагы) кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауд. 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2 — 2,5 мың км қашықтықта орналасқан. Ең ірі түбектері: Таймыр, Чукча, Какяатка, Корей, Үндіқытай, Үндістан, Арабия, Кіші Азия. Құрлықтың шеткі нүктелері: солт-нде — Челюскин мүйісі (77°43′ солт. ендік), оңт-нде — Пиай мүйісі (1°6′ солт. ендік), батысында — Баба мүйісі (26° 10′ шығыс бойлық), шығысында — Дежнев мүйісі (169° 40′ батыс бойлық).

Жер бедері. А. дүние бөліктерінің ішінде абс. биікт. жағынан (Джомолунгма шыңы 8848 м) 1-орында, орташа биікт. жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-і таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші А. түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған. Мұндағы ең биік таулар мен тау қыраттары Орталық Азияға шоғырланған. Олар: Памир, Тянь-Шань, Ти- бет тау қыраты, Гималай, Гиндукуш, Қарақорым. Гималай т-ның шыңдары 7-8 мың м және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукча түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солт.-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды. Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті. Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солт-тен оңт-ке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка т-лары, Сихотэ-Алинь, Корей т-лары, Нань-минь, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. А-ның жалпы аум-ның 25%-і жазықтар. Оның ең ірілеріне Батыс Сібір, Тұран, Үлы Қытай, Үнді-Ганг, Месопотамия жазықтары жатады.

Геологиялық құрылысы. Құрлықтың негізін ежелгі Сібір, Қытай, Үнді және Араб платформалары құрайды. Байкал қатпарлығы Сібір платформасының батыс және оңт. шеттерін, Қытай-Корей платформасының солт. шетін, Үнді, Араб платформаларының батысын көмкереді. Олар өзгеріске түскен құмтас, тақтатас, әктас жне магмалық жыныс- тардан тұрады. Каледон қатпарлығы Алтай-Саян тау жүйесін, Сарыарқаның солтүстігі мен батысын, Солт. Тянь-Шаньді, Оңт. Қытай тауларын құрайды. Бұл қатпарлар рифей және төм. палеозойдың теңіз шөгінділері мен магмалық жыныстарынан құралған. Кузнец, Тыва, Минуса, т.б. ойыстар жоғарғы палеозойдың континенттік жыныстарымен толған. Герцин қатпарлығы Орал, Сарыарқа, Оңт. Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай — Тарба- ғатай белдеуі арқылы Монғол — Охота белдеуіне өтеді. Оған оңт-тегі Кунь-Лунь мен Нань- Шань таулары кіреді. Бат. Сібір және Тұран тақталарының палеозойлық іргетасын мезо-кайнозой шөгінділері жауып жатыр. Мезозой қатпарлығы А-ның солт.-шығысын (Жоғарғы Яна-Чукча) Сихотэ-Алинді, Үндіқытай тауларын қамтыған. Осы қатпарлы тармақтарының аралықтарында аса ірі палеозой массивтері кездеседі (Колыма, Ханка, Үндіқытай). Альпі қатпарлығында жас қатпарлы таулы құрылымдар түзілген. Ол екі белдеу құрайды. Альпі және Гималай белдеулері бір-біріне кейде жақындап, кейде алыстап кететін екі қатар тау жоталарынан тұрады. Тынық мұхит белдеуі А-ның шығыс бөлігіне жайласқан. Белдеудің ішкі бөлігінде Камчатка, Сахалин, Хоккайдо, Тайван, Ка- лимантан, Мьянма-Суматра белдемдік қатпар кейінгі кайнозойға өтіп, қазіргі кезде де жалғасуда. Бұл бөлігінде неоген кезеңінің теңіз шөгінділері кең тараған. Белдеудің сыртқы бөлігінде геосинклинальдық түзілім процестері жүруде. Оған аралдар доғалары, мұхиттық терең науалар, шеткі теңіздердің терең ойыстары жатады. Бұл өңірде қазіргі жа- нартау құбылысы мен жер сілкіну болып тұрады. Неоген мен антропоген кезеңінде жаңа тектоник. қозғалыстар жандана түскен. Биік таулы аймақтар теңіз деңгейінен 1— 4 км және одан да жоғары биіктікке көтерілген. Тауаралық және шеткі иіндер, шеткі теңіздердің науалары ойыса түскен.

Кен байлықтары. Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнец, Минуса, Лена, Кан, Иркут), Қазақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. А-да мұнайдың дүн. жүз. қорының жартысынан астамы шоғырланған. Негізгі мұнай- газ аудандары: Батыс Сібір, Каспий ойпаты, Кавказ, Маңғыстау, Орта Азия, Парсы шығанағы, Малай топаралы, Солт. және Батыс Қытай. Темір кені және түсті металдар кендері А-ның таулы, қыратты аймақтарында, ал фосфориттің мол қоры Қаратауда (Қазақстан), боксит кені Торғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны — Саха-Якутияда кездеседі.

Климаты. А. солт. жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе, ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңт-і мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орт. А. жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық. Қыста ең төмен темп-ра солт.-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа темп-расы -50°С, кейде ең төмен темп-ра -70°С-қа дейін жетеді. Осы ауданнан жан-жаққа қарай қаңтардың орташа темп-расы жоғарылай береді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа темп-расы 25°С-қа дейін өседі. Жазғы темп-ра ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шіл- денің орташа темп-расы тундраның оңт. шекарасында 10°С, ал 55° — 60° солт. ендіктерде 20°С, тропиктік, экваторлық белдеулерде 25-28°С- қа дейін жетеді. А-ның оңт., оңт.-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңт. етегіндегі Черра- пунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. -12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ықжақ беткейлерінде ьлғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600—1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300—500 мм, тундрада 150-200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық А. шөлдерінде 100 — 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.

Ішкі сулары. Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауд. 120 мың км2). Мұздықтар өзендердің толығуында аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-і сыртқы, 40%-і ішкі тұйық алапқа орналасқан. Солт. мұзды мұхитқа Обь, Енисей, Лена, Яна, Индигирка, Колыма, Тынық мұхитқа Амур, Хуанхе (Сары өзен), Янцзы (Көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитына Брахмапутра, Ганг, Инд, Шатт әл-Араб өзендері құяды. Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері: Еділ, Кура, Әмудария, Жайық, Сырдария, Іле. Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс және Оңт. А. өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерорта-теңіздік Батыс А. өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға ежелгі заманнан бері пайдаланылып келеді. А-да көл көп. Ең ірілері — Каспий мен Арал теңіздері. Тектоник.ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Алтынкөл, Хубсугул, Кукунор көлдері орналасқан. Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орт. А. таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып келеді. Топырағы. Солт. мұзды мұхит жағалауын түгелдей тундралық топырақ белдемі алып жатыр. Сібір мен Қиыр Шығыста тайганың тоң және күлгін топырағы тараған. Қоңыр- жай белдеудің оңтүстігінде қара топырақ, қызылқоңыр топырақ, шөлейттің қоңыр то- пырағы, шөлдің сұр топырағы бірін-бірі алмастырады. Құрлықтың шығысында орман- ның қоңыр топырағы қалыптасқан. Батыс А-ның климаты жерортатеңіздік, топырағы қошқыл қоңыр. Оңт. және Оңт.-шығыс А-ның жері, негізінен, қызыл және сары топырақты. Экваторлық белдеуде қызыл сары ферралит топырақ басым. Үндістан тү- бегінде құрғақ саваннаның ерекше қара топырағы — регур кездеседі. Тауларда топырақ түрлері биіктік бойынша өзгереді.

Өсімдігі. А-ның көпшілік бөлігі Голарктикалық флоралық облысқа кіреді. Араб түбегінің оңтүстігі, Үндістан, Үндіқытай түбектері, Филиппин және Малай топаралы палеотропиктік облысқа жатады. Палеотропиктік флора мезозойдың соңғы кезеңінен бері бірқалыпты жылы климат жағдайында дамып келеді. Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солт. мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті- қыналы тундра тараған. Солт. А-да орман өте кең алқапты қамтиды, оның кеп жерін тай- га алып жатыр (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі). Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңт-ке қарай орманды дала белдемдері өтеді (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солт. Монғолия, Байкал сырты, Солт.-шығ. Қытай). Орта және Орт. А-да шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші А. таулы қыраттарында, Месопотамияның солт. бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші А- дағы теңіз жағалауында, негізінен, маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар — магнолия, лавр, емен, камфора, тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солт. А- да тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық А-да тау даласы мен шөлі, Оңт. А- да тропиктік тау орманы басым.

Жануарлары. А., негізінен, Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады. Жануарлары ендік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. Тундрада жануар- лардың түрі аз. Орман белдемінде сүт қоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен; құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді. Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орт. А-да, Солт.-бат. Үндістанда тараған. Әсіресе, кемірушілердің түрі көп. Батыс жағын жерортатеңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайра, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солт.-бат. Үндістанда арыстан сақталған. Құрлықтың субэк- ваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары басым (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.). Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, крокодил, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұз. 8 — 10 м) көп тараған.

Саяси бөлінуі. Құрлық аумағының солтүстігін Ресей мемлекеті алып жатыр. Ал батысын Кипр, Түркияның негізгі бөлігі, Иран, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Израиль, Иорда- ния, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Оман, Йемен Араб Республикасы (ЙАР), Йемен Халық Демократиялық Республикасы (ЙХДР) сияқты Таяу және Орта Шығыс А. мемлекеттері құрайды. Оңт. А. мемлекеттеріне Пәкстан, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Бутан, Непал, Мальдив Республикасы; Оңт.-Шығ. А. мемлекеттеріне Мъянма, Таиланд, Малайзия, Сингапур, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Бруней, Шығыс Тимор; Орт. А. мемлтеріне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, МХР енеді. Шығыс А-ны ҚХР, КХДР, Оңт. Корея, Жапония мемл-тері құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *