АЗАТ ЕТІЛГЕН АУДАНДАРҒА КӨМЕК — 1941 — 45 ж. соғыста жау қолында қалған аудандардағы халық шаруашылығын қалпына келтіруге Қазақстан тарапынан көрсетілген жәрдем. 1943 ж. Сталинград шайқасынан кейін РКФСР-дің көптеген облыс- тары, Украина, Белоруссия, Молдавия, Солт. Кавказ, Балтық бойындағы респ-лардың талан-таражға түсіп, қиратылған, зор зиян шеккен аумағы жаппай азат етіле бастаған кезден Кеңес өкіметінің арнайы қаулысы бойынша бұл аудандардың халық ш-н қалпына келтіру науқанына КСРО респ-ның барлығы қатыстырылды. Қазақстанның қалалары мен өндіріс орындарынан соғыстан зардап шеккен елдерге жұмыс күші, мал, азық-түлік, қаражат, құрылыс материалдары, тех. жіберілді. Қарағанды кеншілері Донецк көмір шахталарын қалпына келтіруге белсене қатынасты. Қазақстан теміржолшылары батыс аудандарға 20 мың теміржолшы жіберді. Түрксіб Ресей мен Украина т.ж. торабын қалпына келтіруге көмектесті. РКФСР мен Украинаға Балқаш, Карсақпай, Өскемен, т.б. қ-лар мен кенттерден арнайы құрылыс отрядтары, мыңдаған шахтерлер, металлургтер жіберілді. Қазақ жұмысшылары мен шаруалары, әсіресе, жастар соғыс кезіндегі Кеңес үкіметінің мобилизациялық заңдарына сәйкес Еңбек армиясына шакырылып, Ста- линград, Киев, Харьков және басқа қалаларды, олардың кәсіпорындарын қайта салуға қатынасты. КСРО үкіметі мен БК(б)П ОК-нің 1943 ж. 23 қаңтардағы “Неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген аудандардың колхоздары мен МТС-терін қалпына кел- тіру шаралары туралы” қаулысы бойынша Қазақстанның ауыл-селолары Ресейдің Орел обл-ның а. ш-ын түгелдей, Ленинград, Калинин, Сталинград облыстарының, Украина мен Солт. Кавказ және Молдавияның кейбір аудандарын қамқорлыққа алды. Оларға механизатор мамандары, а. ш. тех-сы, құрал-жабдықтар, астық, азық-түлік, киім-кешек, қаражат жіберілді. Қазақстан азат етілген жерлерге барлығы 554,3 мың бас мал жөнелтті, оның ішінде 17,5 мың бас ірі қара, 21,8 мың бас жылқы, 350 мың қой бар. Көмекке халық- тың жеке табысынан өз еркімен бөлінген қаржы, соғыс заманынан түскен қаражат та пайдаланылды. Қазакстанның А. е. а. к-і соғыстан кейінгі жылдарда да жалғасты.