АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ — адам мен қоғам үйлесімділігін білдіретін әлеум.-этик. ұғым, жеке тұлғаның туған жер, атамекен, Отан, халық алдындағы парызы. Қазыбек би “Алтын ұяң — Отан қымбат, туып өскен елің кымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат” деген. Адамзат пен Отанды сүю тек А. п. емес, сонымен бірге ар-намыспен де байланысты. “Ерді намыс өлтіреді, қоянды камыс өлтіреді” деген осыған мегзейді. Азамат үшін тіршіліктің ең қиыны, күрделісі — нағыз адам болу. Адамға өз ісін жетік білу де — А.п. Пайғамбар хадистерінде “үйренуге қорланбадым, әркімнен үйрендім, әркімге үйреттім” деген ұлағатты сөздер бар. А. п. адам құқықтарын қастерлеумен тығыз байланысты. Азамат өз құқықтарын пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге қоғам, заң және басқа тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. А. п. азаматтық қоғам, құқықтық мемл. және халықтың шынайы билігі бар жағдайларда толық жүзеге аса алады.