АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС

АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС — жүйеленген бірегей заң шығарушылық (низамдық) акт. Азаматтар мен занды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым- қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді. Егер заң баптарында арнайы көзделмесе, бір тараптың екіншісіне әкімш. жолмен бағынуына негізделген мүліктік қарым-қатынастарға, әсіресе, салық жөніндегі және т.б. бюджеттік қарым- қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Қазақ ССР-нің А. к-і қабылданғанға дейін (1963) респ-да жалпы-одақтық азаматтық заң нормалары қолданылды. Ел экон- ның нарықтық қарым-қатынастарға көшуіне байланысты ҚР А. к-нің жалпы бөлігі қабылданды (1994 ж. 27 желтоқсан). Ол үш бөлімнен: 1) жалпы ережелерден; 2) меншік құқынан және т.б. заттық құқықтардан; 3) міндеттемелік құқықтан тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *