Маңғыстау облысының бас имамы Сабинаға сыйлық тарту етті

Кеше Ақтауда Маңғыстау облыстық Орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ата-анама мың алғыс» атты рухани кеш өтті. Жиында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов екі күн бұрын әлеуметтік желіде мейірімді ісімен танымал болған 2-сынып оқушысы ақтаулық Сабинаға алғыс айтып, ақшалай сыйлық тарту етті. Кішкентай жүрегіне сонша мейірімділікті сыйдырған сәбидің ісін көпке үлгі етіп, анасына ризашылығын білдірді. «Бүкіл әлемді мейірімділік басқарып тұр» деген Әнуар Елжанов жиналған қауымды қайырымдылық жасауға шақырды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *