АЖЫРАСУ КОЭФФИЦИЕНТІ

АЖЫРАСУ КОЭФФИЦИЕНТІ – белгілі бір мерзім аралығында некеге тұрған ерлі-зайыптылардың 1000 адамға шаққандағы айырылысу көрсеткіші. Ажырасу, некелесу, жалғызбастылық, жесірлік сияқты елдің ересек тұрғындарының отбасылық жағдайын білдіретін демогр.құбылыс. Қазақтың шариғат заңы негізінде құрылған тұрмыстық әдет-ғұрпында ажырасу өте сирек кездескен. Қазіргі уақытта ол отбасы-неке құбылысындағы жаңа өркениеттің ықпалымен біраз жиілеген. Қазақстан бойынша 1990-97 ж. 1000 адамға шаққанда А.к. 2-2,7-ге дейін көтерілді. А. к., әсіресе, жас отбасыларда өсе түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *