ЖЫРАСУ, талақ айту – некенің бұзылуы

АЖЫРАСУ, талақ айту – некенің бұзылуы. Шариғат заңы бойынша некенің бұзылуына «талақ» деп үш рет айтса, жеткілікті болған. А. кезінде әйелі төркінінен әкелген жасауына (маһрына) өзі иелік етіп, күйеуі идда мерзімі біткенше оны асырап-бағуға міндетті болған. Бұл мерзім ішінде ерлі-зайыпты татуласса, онда А. заңсыз болып саналады. Талақ екі рет айтылып, идда мерзімі өтсе, онда қайтадын неке қиылады, ал үш рет айтылса, онда әйелі басқа ерге некелесіп, одан ажырап, тек содан кейін ғана өз күйеуімен некелесе алады. Ажырасқанда кәмелетке жасы жетпеген балалар анасына қалдырылады. Дәстүрлі қазақ қоғамында А.өте сирек кездескен. Себебі, әмеңгерлік институтының болуы, «әйел ерден кетсе де, елден кетпейді» деген дәстүрлі құқықтық сананың ырқы орынсыз неке бұзылуына, жетім-жесірлердің көбеюіне жол бермеген. Шариғатта да А-ды қолдамайды.  ҚР-нда А.мәселелері қолданыстағы неке және отбасы туралы заңдардың нормаларымен реттеледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *