АЖАР Жұртыбайқызы

АЖАР Жұртыбайқызы, Соқыр Ажар (1865, қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. — ө.ж. белгісіз, сонда) — әнші, ақын. Кішкентайынан шешесінен айрылып, жетімдік тауқыметін тартқан. Жеті жасында қорасан ауруына шалдығып, көзі көрмей қалған. “Жұртыбайдың қызы едім, атым Ажар”, т.б. өлеңдері сақталған. Ел арасында Соқыр Ажар деген атпен белгілі болған ақын жиын- тойға қатысып, Жапар, Уахит деген ақындармен айтысқа түскен. Уахитпен жыр сайысы айтыс өнерінің тамаша үлгілерінің бірінен саналады. Абаймен кездесіп, оны өзіне ұстаз тұтқан, өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратушылардың бірі болған. М. Әуезов А-дың ақындығына үлкен баға берген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *