АЖАЛ АҢҒАРЫ, Өлім а ң ғ а р ы — АҚШ-тың оңт,- батысында, Мохаве шөліндегі (Калифорния штаты) сусыз аңғар. Ол Үлкен Алаптың оңтүстігіндегі Аларгос пен Пана- минт жоталары аралығында орналасқан. Ұз. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 250 км-ге созылып жатыр және ол Солт. Америкадағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер -85м. Мұнда Бат. Жарты шардағы ең жоғарғы темп-ра байқалған (56,7°С). А. а-ның атауы осы жерде 1849 ж. бір топ алтын ізденушілердің су таппай ажалға ұшырауынан шыққан. Аңғарда ауд. 840 мың га болатын, негізі 1933 ж. құрылған ұлттық табиғи саябақ бар.