Оқу мақсаты 7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде
көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу 7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу
7.ТБ1.5. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы
өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу,
ауызша және жазба жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
- Мәтіндегі деректерді қолданады
- Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді
- Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданады
- Шақ түрлерін, қалау райдың қызметін ажыратады
- Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызша және жазба жұмыстарда қолданады
Білу және түсіну Қолдану
- минут
1-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз, негізгі деректерді белгілеңіз.
Жастар және ғаламтор
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған сөзінде: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», — деген болатын. Бүгінгі тақырыбымыз – мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп, экономика, ғылым мен білімнің дамуына, жеке адам мен қоғамның, әсіресе жастардың өмірі мен қауіпсіздігіне күшті әсер ететін ҒАЛАМТОР жайында болмақ.
Біраз уақыт бұрын Гуглдың негізін қалаушы Эрик Шмидтің «Жаңа сандық дәуірі» атты кітабы шықты. Бұл кітап – Интернет пен оның төңірегіндегі технологияларды сараптай келе, қоғам, мемлекет пен бизнестің болашағына жаңа көзқарас ұсынады.
Шмидтың айтуынша, адамзат Интернетті өз қолымен жасаса
да, оның табиғатын терең түсінбейді. Интернет — адам өміріне керемет пайдалы
құрал, бірақ оның зияны да айтарлықтай көп. Тексерілмеген ақпарат, дәйексіз
пікір, кез келген адамды ретсіз қаралау, дәлелсіз жала жабу – соның басы ғана.
Онлайн алаяқтықтың түр-түрін жасауға болатын, ұят пен абыройды ұмытқан
ойын-сауық табуға болатын, бұзақы да, баскесер қылмыскер де еркін кіріп,
басқаларға ақыл айтатын, ешкім бақыламайтын, қадағаламайтын орта іздеген адам
Интернетке келеді. Ал бұл жастардың болашағын
бұзады…..
2-тапырма
Көтерілген мәселе туралы өз ойыңызды дәлелдеп жеткізіңіз.
3-тапсырма
Суреттерді пайдаланып, осы оқиға туралы баяндап, алыстағы досыңызға хат жазыңыз. Хатта теңеулер мен метафораны қолданыңыз. Етістіктің шақтарын дұрыс пайдаланып, қалау райды қолданыңыз.
Жағдаят.
Сіз ата-анаңызбен бірге ұлттық аспаптар оркестрінің концертіне бардыңыз.
Концерт ұнады ма/ұнамады ма? Неліктен? Қандай сезімде болдыңыз?