АДЪЮТАНТ

АДЪЮТАНТ (лат Adjutans – көмекші, түркіше – жасауыл) — 1) әскери лауазымды бастықтың әр түрлі тапсырмаларын орындайтын немесе штаб қызметін атқаратын офицер (прапорщик, мичман). Кеңес Армиясында (бригадада, дивизияда, эскадрильяда) 1954 жылға дейін осындай штабтық қызмет болған; 2) Аға А. (бригадалық, полктық, батальон- дық және т.б. А.) 17 ғ-дың екінші жартысынан орыс армиясындағы штаб пен басқармада іс қағаздарын меңгеруші қызметін атқарған; 3) Ген-А. (флигел-А.) — 17-18 ғ-дағы орыс императорының төңірегіндегі сарайлық әскери шен; 4) 19 ғ-дағы Францияда полктағы унтер-офицерлер мен капралдардың оқуына жауап беретін офицер. Қазақстанда бұл шенге алғаш Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов ие болды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *