АДЬІРАСПАН (Реganum) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсім- діктер. Ол еліміздің шөл, шөлейт, сортаң жерлерінде, әсіресе, Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өздері бойындағы тақырланған жайылымдарда қаптап өседі. Қазақстанда к ә д і м г і А. (Р. һаrmala) түрі кездеседі. Биікт. 20 — 50 см. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 — 3-тен топтанып сабақ басында орналасады. Мамыр — шілдеде гүлдейді. Жемісі — көп тұқымды, қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. А. –бағалы дәрілік өсімдік. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады,қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай- ақ малдың қотырын емдеуге де қолданылады. А-нан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны а.ш-лық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. А. — улы өсімдік, дәмі ащы, мал жемейді.