АДЫР

АДЫР — әуелде өте берік жыныстардан түзілген, бірақ уақыт өткен сайын әбден мүжілген, төңірегінен шоқтығы биіктеу және оқшау жеке тұратын аласа тау немесе шоқы. Кейде тау сілемдерінің етегіндегі тілімделген бөктерлік өңірлер, жазық аймақтардағы шоқылы, белес-белес төбелер мен жондар да А. деп аталады. А-дың төңірегімен салыстырмалы биікт. 400 м-ге дейін жетеді. Негізінен бұлақсыз, шөлейтті болып келеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *