АДЫҒТАР

АДЫҒТАР — Солт. Кавказдағы ежелгі туыстас тайпалардың ортақ атауы. Ортағасырлық Еуропа және Шығыс әдебиеттерінде шеркес деген атпен белгілі. А-ға жататын қазіргі кавказ халықтары — адыгейлер, кабардалар және черкестер. Олар кавказ тілдері тобының солт.-батыс (абхазадыгей) тармағыңда сөйлейді. Материалдық және рухани мәдениеттерінде ұқсастықтар көп. А. тайпалары ертеден Солт. Кавказдың оңт.-батысы мен Қара теңіз жағалауын мекендеп келеді. Кубань бойындағы тайпалар ежелгі жазбаларда меот деген жинақтаушы атпен берілсе, Қара теңіз жағалауындағылары өз атауларымен көрсетіледі. Бұлардың ішінде зихи мен керкеттер этнонимі кейінірек жинақтаушылық мәнге ие болған. Зихилар шамамен 5 ғ-да (10 ғ-ға дейін тіршілік етті) А. тайпалары одағын құрды. 10 ғ-дан бастап А. орыс жылнамаларында – касогтар, ал шығыс (араб және парсы) жазбаларында — кашактар, кешектер (“к-ш-к”) деп аталған. Мон- ғолдар жаулап алғаннан кейін (13 ғ.) батыс әдебиетінде “зихи” термині сақталғанына қарамастан, А-ды шеркес деп атау белең алды. 13-14 ғ-да А-дың бір бөлігі алғаш алан- дар мекендеген Терек өз-нің бойына жылжыса, басым бөлігі монғол басқыншылығы салдарынан тауға ығысты; өз жерінде қалғандары жергілікті тайпалармен араласып кетті. Осылайша кабарда халқы құралса, ежелгі А. тайпаларынан — адыгей халқы қалыптасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *