АДЫГЕЙЛЕР

АДЫГЕЙЛЕР (өзд. атауы — а д ы г е ) — Адыгей Респ-ның жергілікті халқы. ТМД ел- дерінде (30 мың), А. респ-да (90 мың), Түркия және араб елдерінде де (саны белгісіз) тұрады. Субэтникалық топтары: абадзех, бесленей, бжедуг, егер-укай, манхег, махошей, натурхай, темиргой, хатухай, шапсугтер. Еуропа расасының Балқан-Кавказ тармағына жа- тады. Солт. Кавказ тілдері шоғырына жататын адыгей тілінде сөйлейді, жазуы кирилли- цаға негізделген, діні — мұсылман-суннит. Қабардалар мен черкестермен туыс, олар жеке халық болып бөлініп шыққан соң, Кавказ жағалауы мен Кубань алабында А. ұлты қалыптаса бастайды. 16 ғ-да Ресейдің қол астына кірді. Негізгі кәсібі — егіншілік, мал ш., бағбаншылық. Дәстүрлі мәдениеті қабардалармен тамырлас. Таулы ауд-да бірнеше ұрпақ өкілдері бірге тұратын үлкен отбасылар сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *