АДСОРБТАНУ, а д с о р б ц и я (лат. аб — бетіне және sorbeo — жұту, сіңіру) — қатты немесе сүйық заттар бетінің газ, бу және еріген заттарды сіңіруі. Заттың ішіндегі бөл- шектердің өзара байланыс күштері теңесіп, барлық бағытта да өзіне көрші бөлшектермен байланыста болса, заттың сыртқы беті ашық болғандықтан, оның тарту күшінің біраз бөлігі бос тұрады. Сондықтан сыртқы бетке жанасқан газ, бу және еріген заттардың бөлшектері оған тартылады. Бетінде А. процесі жүретін зат адсорбент, оған сіңетін зат адсорбат деп аталады. Физ. А. кезінде адсорбаттың молекулалары өзгермейді, хим. А. кезінде (хемосорбтану) адсорбат молекулалары адсорбенттің бетінде хим. қосылыс түзеді. А. мөлш. адсорбенттің қасиетіне, сіңірілетін заттың табиғатына, темп-раға байланысты. Қатты адсорбент ретінде активтелген көмір, силикагель, алюмогель, ал сұйық адсорбент ретінде су, көмірсутектер, т.б. органик. сұйықтар пайдаланылады. А. газдар мен сүйықтар қоспаларын бір-бірінен бөлу, оларды кептіру, тазарту үшін қолданылады. Хим. технологияда, биол. процестердс А-дың маңызы зор.