АДЛЕР,Альфред

АДЛЕР,Альфред (7.02.187028.05.1937)  Австрия психологіпсихоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена пед. Интының (1915), Колумб ун-тінің(1929, Нью-Йорк) проф— ы. А-дің психол. тұжырымы Фрейдтің психол. талдауына біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933), т.беңбектерінде А. әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінедібұл жайт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуғакемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырадыоған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайдыОл жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланыстыадам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. А. өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қостыОтбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасынолардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. А. психол-дағы жаңа ағым – жаңа фрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдтің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. А. адам психолның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеумфакторды есепке алмады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *