АДЖАРЛЫҚТАР (өзд. атауы — аджарели) — Аджар Республикасының негізгі халқы. Тілі грузин диалектілерінің біріне жатады. Грузин, византия жазбаларында 10 ғ- дан белгілі. Археол. деректерде одан да ертерек кездеседі. А. батыс грузин Колхида пат- шалығын, одан кейін Иберияны құрады (б.з.б. 6-4 ғ.). Мұнан кейін А. грузин мемл. бірлестігі Лазикенің құрамына кірді. 4 ғ-дан бастап, А. арасына христиан діні тарады. Алғаш салжұқтар (11 ғ.), кейін түрік иелігі кезінде (16 ғ-дың 2-жартысы — 1878 ж.) А. ис- лам дінін қабылдады. 1981 ж. Грузияның құрамында Аджар АКСР-ы 1990 ж. Аджар Авто- номиялы Республикасы болып құрылды. Астанасы — Батуми. 19 ғ. 2-жартысы — 20 ғ-дағы этногр. материалдар А-дың таулы және тау етектерінде мал ш-мен айналысқанын, егіншіліктің ежелгі және дәстүрлі сипатты белгілерін алған жергілікті ш-ты қалып- тастырғанын көрсетеді. Сонымен қатар қолөнері дамыған, оның ішінде металлургия, ағаш, тас өңдеу, тоқыма өнері өркендеген. Отбасының 2 түрі: шағын және бөлінбеген үлкен отбасы кездеседі. А-да бөлінбеген отбасының сақталуын халық ішінде “эртионобис сохли” деп атайды. Бұл терминнің мәні бөлінбейтін отбасы деген мағынаны білдіреді.