АДЖАИБ әл-МАХЛУҚАТ УӘ ҒАРАИБ әл-МӘУДЖУДӘТ

“АДЖАИБ әл-МАХЛУҚАТ УӘ ҒАРАИБ әл-МӘУДЖУДӘТ”(“Жаратылыс ғажайыптары мен шынайы тамашалар”) — Зәкәрия әл-Қазуинидің тарихи-географиялық шығармасы. Шығарма монғолдар тұсындағы атақты бағдад билеушісі Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайниге (1226-83) арнап жазылған. Шығарманың 1-бөлімінде жер асты және аспан әлемі жөнінде айтылып, араб, сирия күнтізбелері, жылнамалар берілген. 2-бөлімінде 7 климатқа бөлінген жер бетіндегі ірі өзен-көлдерге сипаттама жасалып, адамдар, өсімдіктер мен жан- жануарлар жөнінде қызықты мәліметтер келтіреді. Шығармада түрлі түркі тайпаларының тұрмыс-тіршілігі, орналасуы жөнінде тарихи-этногр. деректер бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *