АДГЕЗИЯ (лат. adhaesio — жабысу, бірігу) — әр түрлі дене беттерінің бірігуі. А-лық қосылыстардың түзілу және бұзылу заңдылықтары термодинамикалық және молекулярлық-кинетикалық тұрғыдан қарастырылады.А.құбылысы гальвандық техникада, лактау, желімдеу, балқыта біріктіру, т.б. өндіріс салаларында қолданылады.