АДАМ МОРФОЛОГИЯСЫ

АДАМ МОРФОЛОГИЯСЫ — ғылым саласы. а) Б и о л о г и я д а : адам ағзасының тіршілік әрекетіне, өмір сүрген ортаға байланысты физ. даму ерекшеліктерін зерттеу. Оған адам анатомиясы, эмбриологиясы, гистологиясы енеді; ә) Антрополог и я д а: адамды жасына, жынысына, расасына, этник., конституциялық, геог. ерекшеліктеріне қарай зерттеу. А. морфологиясы бүгінгі адамдар мен археол. қазба жұмыстары кезінде табылған көне заман адамдарының сүйектері арасындағы морфологиялық ұқсастық пен ерекшеліктерін анықтайды. Ол мерология және соматология деген екі бөлімге бөлінеді. Мерологияда адам денесінің құрылымы жеке-жеке қарастырылып, арасындағы өзара биол. байланыстар зерттеледі. Яғни, адам денесінің сыртқы және ішкі құрылысы, бұлшық еттері, қаңқа сүйектері, ми құрылысы, тамыр жүйелері, т.б. морфологиялық және физиол. ерекшеліктері сараланады. Соматология бөлімінде адам денесінің құрылысы: бойы, салмағы, тұлғасы, пропорциясы, биол. қарым-қатынастары сипатталады. Бұл саладағы зерттеулердің нәтижелері адам денесінің биохим. эндокринологиясын, генетик., этник., физиол., т.б. ерекшеліктерін ескере отырып, адамды дамытуға ғыл. тұрғыдан бағыт сілтеуге қойылатын стандарттық талаптарды айқындауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *