Көре алмаушылықтан,қызғаныштан, күншілдіктен туатын өзара егес. Оразбай, Жиреншелер де Абаймен қас, бәсеке болғандықтан, Абай сөзін әсте ауызына алыспайды (М. Әуезов). Айбаршамен жарысқа түсем деген ой Сырбайдың үш ұйықтаса есі-не келмеген (С. Мұқанов). Бір-бірімен күндес байдың көшірі де күндес (I. Жансүгіров). Тентек қайынсіңлісіжас жеңгесімен бақас болғандықтан, үй-дегі жанжал да екеуінің мінезінен ұшырасатын еді (З. Шүкіров). Қодар өзінің бақталасы Қозымен қыз үшін ашық майданда жан қиып күресе алмайды (М. Әуезов).