АДАМ ҚҰҚЫЛАРЫ

АДАМ ҚҰҚЫЛАРЫ – адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүм- кіндігі. А. қ. т а б и ғ и және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқылар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын (мыс., өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік, т.б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз  адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мыс., білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқылары. 

А. қ-ның қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (ҚР- ның Конституциясы, 10  39- баптар) және заң актілерінде (мыс., Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Халықар. деңгейде А. қ-н қорғау, ең ал- дымен Адам құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған Адам құқы- ларының жалпыға бірдей Декларациясы (10.12. 48), Экономикалық, әлеуметтік және мә- дени құқылар туралы пакт (12.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пакт(19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге факультативтік хаттама (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге екінші факультативтік хаттама (19.12.66) енеді. 

А.қ-ның жекелеген қырлары халықар. конвенцияларда көрініс тапқан. Олар адамның нақты құқыларын немесе кешенді құқыларын қорғауға: нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жоюға, адамды кепілдікте ұстауға қарсы күресуге, жәбірлеп, қинауға тыйым салуға, апартеидтік қылмыстардың жолын кесіп, ол үшін жаза белгілеуге, т.б. бағытталған. А. қ-н халықар. деңгейде қорғап, қаделеу ісі Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (МБС ЬІҰ, яки, ЮНЕСКО), Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің практикалық іс-әрекеттерімен, халықар.-құқықтық актілерімен жүзеге асырылады. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *