АДАМГЕРШІЛІК

АДАМГЕРШІЛІК — адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. “Кісілік”, “ізгілік”, “имандылық” тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс- әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей А. белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар- ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кі- шіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т.б.

А. принциптері әлеум.-мәдени димудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұ- лымдыққа да үйір емес. А. белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстық қатынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. А. құндылықтардың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея). Тоталитарлық қоғамдағы “Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары” деген ұран А. принцптеріне нұқсан келтірді. БҰҰ қабылдаған “ Адам құқықтарының жалпы декларациясының” басты баптарын адамдық қарым-қатынас нормаларына айналдыру А. құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады. Оның басты әдептік баптары төмендегідей:

— барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;

— азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей;

— өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып та- былады.

А. принциптерінің сақталуы өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие болады. Бұл кезеңде ұлттық дәстүрлі дүниетаным мен әдепке жат маскүнемдік пен нашақорлық, рэкет пен жезөкшелік, қатыгездік сияқты теріс мінез-құлықтар өріс жаюы мүмкін. Өркениеттілікке апаратын жол — халықты А-ке, имандылық пен ізгілікке, са- лауатты өмір салтына баулу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *