АДАМБАЕВ Балтабай Әбдірахманұлы

АДАМБАЕВ Балтабай Әбдірахманұлы (24.9.1919, Жамбыл обл. Сарысу ауд. Байқа- дам а. — 12.10.1990, Алматы) — әдебиет зерттеушісі, фольклоршы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атынд. пед. уч-щені (Жамбыл, 1947), Қазақ мемл. ун-тін (1951) бітірген. Қазақстан ЕА-ның Әдебиет және өнер ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер болды (1957 — 1986). Филол. ғыл. канд. (1962). “Сырларым” (1959), “Ақбөбек” (1962), “Аманат” (1972), “Тұлпардың ізімен” (1983) аталатын өлең жинақтары, “Мәди” (1969), “Жауынгер жолы” (1978) повестер мен деректі әңгімелер кітабы жарық көрді. Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы – шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. Шешендік сөздердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы “Шешендік” (1969), “Халық даналығы” (1976), “Қазақтың шешендік өнері” (1984) аталатын моногр. зерттеу еңбектері шықты. “Қазақ ертегілері” (1962), “Шешендік сөздер” (1967), “Ел аузынан” (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. 1-дәрежелі “Отан со- ғысы” орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *