АДАЙ ЖЫЛҚЫСЫ

АДАЙ ЖЫЛҚЫСЫ — салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Түрікмен тұқымының белгілері басымырақ. Бойы биік, мойны ұзындау, бөдені сұлу,шоқтығы, биік, арқасы түзу, сауыры ұзын әрі солыңқы, аяғы жуан (бірақ етсіз) құйма-тұяқты. Суықпен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүреді, күтім талғамайды. Шоқтығының биікт. — 140,3 см, тұрқы — 142,7 см, кеуде орамы — 163,3 см, жіліншіктің орамы — 17,6 см. А.ж. Қазақстанның Атырау обл-нда өсіріледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *