“АДАЙ” — қазақтың ұлттық биі. Негізінен, қыздардың орындауына арналған. Би ішекті аспаптар оркестрі не жеке домбыра сүйемелімен бастан-аяқ жылдам ырғақта (Құрманғазының “Адай” күйінің желісімен) биленеді. Бір бөлімді, муз. өлшемі 2/4. 1968 ж. Мәскеуде өткен би мектептерінің Бүкілодақтық байқауында “А.” биін (қоюшы — Ш.Б. Жиенқұлова) қазақ бишілері тұңғыш рет орындады.