АҒЫНТАЙ (т.ж. б. — 1672) —

АҒЫНТАЙ (т.ж. б. — 1672) — батыр, Есім мен Жәңгір хандардың сенімді серіктерінің бірі. А. 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатыс— қанҚалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығыпүнемі мерейі үстем болып отырған. А. Орбұлақ шайқасында (1643) Батыр қонтайшының 50 мың жауынгеріне төтеп берген Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының ішінде болдыШапырашты Қарасай батырмен бірге Жәңгірді қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан. Аңыздарда А. батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтыладыЖұдырығы тигенді сау қалдырмағанСондықтан да халық жұдырығы қатты адамды “А. жұдырық” деп атап кеткенДүниеден өткеннен соң А-ды Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Құлшынбай төбесінедосы шапырашты Қарасай батыр бейітінің қасына жерлеген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *