АҒЫЛШЫНДАР

АҒЫЛШЫНДАР (өзд. атауы и н г л и ш) — ұлт, Ұлыбританияның негізгі халқы. Жалпы саны 48,5 млн. Ұлыбританияда — 44,7 млн., Австралияда  940 мың, ОАР-да — 230 мың, Канадада  100 мың, АҚШ- та — 650 мың, Үндістанда  200 мың адам, т.б. елдерде тұрады (1995). Еуропа расасының атлант-балтық тармағына жатады. Тілі ағылшынша (қ. Ағылшын тілі). А-дың басым көпшілігі — католик, протестант-англикан және басқа дін- дерді тұтынады. Көне тайпалар (англдар, сакстар, юттар, фриздер) 56 ғ-да Британ аралда- рына басып кіріп, жергілікті кельттерді (брит.) Шотландия тауларына, Уэльс, Корноулға ығыстырды. Кент, Уэссекс, Суссэкс, Эссекс, Шығыс Англия, Нортумбрия, Мерсия ко- рольдіктері құрылды. 6 — 7 ғ- да ұйысқан Англо-саксондардың алғашқы мемл. бірлестігі 7—10 ғ-да дат, норвег, викинг басқыншыларына қарсы күресе отырып, олардың тілі мен мәдениетінен көп нәрсе қабылдады. 1066 ж. Англияны нормандар жаулап алды. Ел билігі норман барондарының қолына көшті де ақсүйектер негізінен француз тілінде сөйледі. 12-13 ғ-да англо-саксондар мен франк тілді нормандардың бір этносқа бірігу процесі аяқталды. 15 ғ-да ағылшын ұлты қалыптаса бастады. 17 ғ-да саяси рев.бұл процестің аяқталуын тездете түсті. 17-19 ғ-да А-дың Солт. Америкаға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Оңт. Африкаға қоныс аударып, жергілікті халықтармен арласуына байланысты ағылшын-канадтар, ағылшын-австралиялықтар, ағылшын-жаңазеландықтар, ағылшын-африкандықтар, фоль-клендтіктер, питкерндер т.б. ағылшын тілді халықтар пайда болды.  

А-дың басым көпшілігі қала тұрғындары (90%), өнеркәсіптік, саудада, әлеум.қамсыздандыру саласында еңбек етеді. Қала тұрғындарының жартысы 7 үлкен аймаққа (конурбацияға) шоғырланған, ең ірісі – Үлкен Лондон (6,9 млн). Ауылдық жерлерде үйлер екі-үш қабаттты болып салынады. Ұлттық киімдері сақталмаған. Ерлер костюмінің ең жақсы үлгілері осында шығарылады. Дәстүрлі ұлттық тағамдары еттен жасалатын: ростбиф, бифштекс, бекон, т.б.; сұлы ботқасын (порридж), балықты көп қолданады. Сүйікті сусындары – сүт қатқан шай, ішімдіктен – сыра, виски. 16 ғ-да пуритан ілімі, аскетизм, діни гормаларды қатаң сақтау еңбексүйгіштікті қалыптастырады. Отбасы культі (менің үйім – менің қамалым) қатаң сақталады. Ұлттық спорт түрлері – футбол, крикет, бокс, хоккей, керлинг;  

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *