АҒЫЛШЫН-БУР СОҒЫСЫ

АҒЫЛШЫН-БУР СОҒЫСЫ (1899-1902), Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкадағы бур республикалары (Трансвааль және Азат Оранж мемлекеті) арасында саяси-эконо- микалық шиеленістер негізінде орын алды. Оның басталуына Трансвааль президенті П. Крюгердің шетелдіктерге, әсіресе, онда тұрып жатқан ағылшындарға сайлау құқығын бе- руден бас тартуы түрткі болды. Бірақ соғыстың басты себептері ағылшыңдардың Кейп- тауннан Каирге дейінгі ұлан байтақ жерде отарлық империя құрып, Оңт. Африканың алтыны мен алмазын өз қолдарына алуға тырысушылығы еді. Алғашқы кезде бурлар ағылшын әскерлеріне табанды қарсылық көрсетіп, бірқатар ұрыстарда жеңіске жетті. Бірақ 1890 ж. көктемде күші басым Англия қарсы шабуылға шығып, маусым айының аяғында бур әскерін талқандады. Осыдан кейін ағылшындарға қарсы партизан соғысы өріс алды. Ағылшындар қатаң жазалау шараларын қолданып, әйелдер мен балаларды ар- найы құрылған лагерьлерде ұстады. Ақырында соғыс Ұлыбритания мен бур республи- калары арасында 1902 ж. 31 мамырда Веринингге қол қойылған бітіммен аяқталып, Бур республикасы Британ отарына айналды. 1910 ж. Бур республикасының жері Ұлыбри- тания доминионы — Оңт. Африка одағының құрамына кірді. Оның бірінші премьер-ми- нистрі болып бур генералы Луис Бота тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *