АҒЫЛШЫН-АУҒАН СОҒЫСТАРЫ

АҒЫЛШЫН-АУҒАН СОҒЫСТАРЫ (1838 — 1842, 1878, -1880, 1919) — Англияның Ауғанстанда жүргізген отарлау соғыстары. Бірінші А.-а. с-ы 1838 ж. 30 мың ағылшын әскерінің Ауғанстанға басып кіруімен басталды. Ауғанстан қорғанысқа 15 мың әскер шығарды. 1839 ж. ағылшындар Қандағарды, Ғазниді және Кабулды басып алды.1841 ж. Кабулда көтеріліс басталып, ағылшын әскерлері 1842ж. ауған жерінен кетуге мәжбүр болды. 1878 ж. 2-А.- а. с-ы басталды. Күшінің басымдығын пайдаланып, ағылшындар 1879 ж. 8 қаңтарда Қандағарды басып алды. Ауған әмірі Якуб хан Англиямен 1879 ж. 26 мамырда жасаған келісім бойынша Ауғанстан дербес сыртқы саясат жүргізу құқынан айырылды, ағылшын елшісі ауған үкіметінің ішкі істеріне де араласуға мүмкіндік алды, Қандағар, Құррам, Сиби мен Пишин Англияның иелігіне берілді. Бұл әділетсіз келісім Кабулде халық көтерілісін туғызды. Кабулдегі ағылшындарды көтерілісшілердің 100 мыңдық әскері қоршап алды. 1880 ж. 27 шілдеде Майвандтағы (Қандағар маңында) шайқаста ағылшындар жеңіліске ұшырады. 1880 ж. Әбдірахман әмірмен жасалған жаңа келісім бойынша Қандағар Ауғанстанға қайтарылды. Ауғанстан ішкі саясатын жүргі- зудегі дербестігін сақтап қалды, ағылшын әскерлері ауған елінен шығарылды. 1893 ж. 12 қарашада Әбдірахман өмір мен М. Дюранд 1869 — 1873 ж.Англия мен Ресей арасында жасалған, орыс-ауған шекарасын белгілеген келісімшартты бекітіп, Ауғанстан мен Үндістандағы ағылшын иеліктерінің арасындағы шекараны қайта қарап, ауғандар (пуш- тун) орналасқан үлкен территорияны Ауғанстаннан бөліп тастады. “Дюранд сызығы” деп аталған осы шекараны ауған ресми топтары мойындамай, оны Ауғанстанның Пәк- станмен емес, Пуштунстанмен шекарасы деп санады. 1919 ж. Аманулла хан Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартқан Англия З-А.-а. с-н бастады (1919 ж. з.05). Ағылшындардың жақсы қаруланған 340 мыңдық әскеріне қарсы ауған үкіметі 40 мыңдық әскер шығарды. Ауған әскерлері Хайбер, Вазиристан және Қандағар бағыттарында қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Вазиристанда ағылшындарға қарсы халық көтерілісі басталды. Тап осы кезде Үндістанда да толқулар күшейді де ағылшындар соғыс қимылдарын тоқтатуға мәжбүр болды. 1919 ж. 8 тамыздағы бітім шарты бойынша (1921 ж. 22 қарашада Кабулда бекітіліп, күшіне енді) Англия Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады, Ауғанстан мен ағылшын иеліктері арасындағы шекара “Дюранд сызығы” арқылы өтетін болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *