АҒЫБАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

АҒЫБАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ — 19 ғ-дан сақталған сәулет өнері ескерткіші. 19 ғ- дың 80-жылдарында Бетпақдаланың солт. — шығысындағы Тайатқан-Шұнақ тауының маңайында, Босаға өзенің аңғарында тұрғызылған. Шаршы түріндегі (8,80×8,58 м), бір бөлмелі күмбезді ғимарат. Сыртқы бұрыштары қосар мұнаралармен өрнектеліп, күмбезі өріліп шығарылып, ілкіде ұшар басына Ағыбай батырдың самаурыны қойылған. Кіретін бөлігі жеңіл ағашпен айван үлгісінде жабылып, оңт. жағынан шығарылған. Бөлменің ішкі бұрыштарындағы ширек бағаналар күмбез шеңберімен бірігіп кеткен. Бөлменің төменгі жағы ақ түсті, жоғарғы жағы сарғыш түсті әкпен әктелген. Кесене ішінде 12 мәйіт бар. Ағыбай батырдың сағанасы бөлменің түкпірінде солт.- батыс бұрыштан екінші орында жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *