АҒАШ ТӨСЕК — жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Ел арасында “төсек ағаш”, “төсағаш”, “кереует”, ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне қарай “сырлы төсек”, “күмістелген төсек”, “сүйектелген төсек”, “оюлы төсек” деп аталады. Бетіне салынған ою- өрнегі әр түрлі болғанымен, бәрінің сыртқы пішіні ұқсас. Қайкылау келген екі басы жа- туға ыңғайлы жалпақ арқалығымен бірге бөлек дайындалып, төрт аяғы сүйек, күміс, әр түрлі тастар, көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте әсем көркемделетін екі бетімен тұтасады. Қақ ағаштың түзу тақтайларынан құрастырылады. А. т. пішіні ұсталардың шеберлігіне, көркемдік талғамына, қолданылатын құрама материалдарына қарай, әрі Қазақстан аймақтарындағы ағаш шабу өнерінің жергілікті дәстүрлеріне сай түрліше жасалуы мүмкін. А. т- ке кейде сәндеп көрпе-төсек те жиналады.