АҒАШАЯҚ

АҒАШАЯҚ (шын аты — Берікбол Көпенұлы; 1861, қазіргі Шығыс Қазақ- стан обл. Абай ауд. Мұқыр а. — 1932 ж., сонда) — әнші- күйші, ақын, өнерпаз. А. әнші-күйші әрі ақындығының үстіне биші, желаяқ жүйрік, шабандоз, алуан түрлі цирк ойындарының шебері, күлдіргі-сайқымазақ болған. Дәстүрлі 8 пернелі домбыраға 2 перне (барлығы 10 перне) 3- шек қосып тарту төркіні осы А-қа саяды. Домбыраны башпаймен тарту, дауыспен әр жастағы адамның, әр түрлі аң-құстың үнін салу А. өнерінің бір қыры саналған. “Аяғым- ай”, “Ахахау-ахау”, “Ой, жиырма бес”, “Жиырма жеті қыз”, “Жетімнің әні”, “ Ұмпа- ұмпа парадай”, “О, дүние, кемпірім-ай”, “Құдіреттің кер тайы-ай” атты күлдіргі әндер шығарған. Әміре Қашаубаев А-тың “Ағашаяқ” әнін Париж сахнасында орындаған. Әміреден оны А. Затаевич жазып алып, нотаға түсіріп “Қазақтың 500 ән-күйі” кітабында жариялады (1933 ж.). Ән мәтіні “Қазақтың халық әндері” жинағында (1955 ж.) жарық көрді. А. өз жанынан күй де шығарған. Абайдан көп үлгі алып, ұлы ақынның әндері мен өлеңдерін ел арасына таратқан, оның Көкбай, Уәйіс, Ақылбай сияқты шәкірттерімен жақын дос болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *